Воскресенье, 18 октября 2020 13:00

СҮЙІНШІ, АҒАЙЫН!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы мен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «АБАЙДЫҢ СӨЗІ – ЖҮРЕКТІҢ ҮНІ» атты облыстық онлайн мүшәйра өткізді.

"Әуесқой жазба ақындар" аталымы бойынша Көкен Шәкейұлы атындағы Көкшетау ақындар мектебінің қос шәкірті Жұмабек Жансая жүлделі 2 орынды, Ұғылан Қарашаш 3 орынды місе тұтты. Балқадиша Қайық жас ақынымыз Алғыс хатпен марапатталды.

 Жеңімпаздар Диплом және бағалы сыйлыққа ие болды. Жас шәкірттерді талай әдеби байқауларға қатыстырып, ақындыққа баулып жүрген ақындар мектебінің жетекшісі Мұхаммед Қонқаевқа басқарма атынан Алғыс хат табыс етілді. Осы орайда "Кәсіби жазба ақындар" аталымы бойынша жүлде алған ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Көкен Шәкейұлының төл шәкірті Құдайберлі Мырзабек ағамызды, Қуаныш Оспан, Нұрболат Серік, Серғазы Қайырболды, Бақытбек Бекмұратты құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!!! Қазақ поэзиясы жасасын!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 132 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"