Воскресенье, 18 октября 2020 12:51

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТУДАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Осы аптаны таза қазақша сөйлейтін апта болсын деп едік. Азаматтар барынша ат салысып жатыр. Ерекше атап өтетін  оқиға, орыстар және өзге ұлт өкілдері қазақтың "Алпамыс", "Қобыланды",  "Ертарғын" сияқты батырлар жырларын жатқа айтып таңқалдырды. Бұл еліміздегі  өзге ұлт өкілдері арасында Тіл комитеті ұйымдастырған  "Мен қазақша сөйлеймін" акциясы аясында өтті.

Акцияның мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын жүзеге асыру.

Акцияға еліміздің барлық аймақтарынан батырлар жырын жатқа айтуға 20 эттнос өкілінен 243 адам қатысса, солардың басым бөлігі, яғни 85 адам орыс ұлтынан екен. Өзге ұлт өкілдерінің туып өскен отанының әдебиеті мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен патриотизмі көңіл толқытты.

Сөйтіп, бес жүлделі орын батырлар жырын жатқа айтудан оза шапқан төмендегі азаматтарға бұйырды.

Олар: - Легкая Инесса Викторовна, Павлодар облысы Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы ;

- Карасаева Илона Александровна, Ақтөбе облысы Алға ауданы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы;

- Аширмет Ситара Сұлтанмұратқызы, Түркістан облысы Созақ ауданы;

- Трегубова Виктория Вячеславовна, Тараз қаласы «Хабар-24» телеарнасының тілшісі;

- Раван-Нахчивани Индира, Түркістан обл. Сарыағаш ауданы, Арыстанбап жоғары колледжінің 2-курс студенті

Сондай-ақ мәнерлеп оқып, шеберлік көрсеткен 10 қатысушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының Дипломымен марапатталады.

Ал сайысқа қатысқандар батырлар жырының қайсысын көбірек оқыды дегенге келсек,

Алпамыс батыр» (45 адам), «Ер Тарғын» (14 адам), «Қамбар батыр» (8 адам), «Ерсайын» (8адам) оқыды.

Бұл бәйге ертең этнос өкілдері арасында өтетін "Мемлекеттік тіл- Тәуелсіздізік символы" онлайн конкурсы ретінде жалғасын табады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 106 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"