Суббота, 26 сентября 2020 14:09

"ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті" аймақтық жобасына қатысушы – Игілік Ерланұлы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Дене мәдениеті бөлімінің ІV курс студенті – Игілік Ерланұлы.

Игілік «Спорт – адамның рухани әлемі, спорт шыңына ерінбей, талмай, қажырлы еңбектің, уақытылы жаттығудың арқасында ғана қол жеткізуге болады» деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған жан.

Осындай биік мақсат жолында спорт саңлақтарының қатарынан өз орнын таба білді. Атап айтсақ, 2017 жылы Қарағанды қаласында өткен Республикалық жарыс пауэрлифтинг спорт түрінен І орын, Көкшетау қаласында өткен чемпионатта пауэрлифтинг жатып штангіні көтеруден І орын (08-09.05.2017ж.), Ақмола облысы чемпионатынан жарыс пауэрлифтинг спорт түрінен І орын (17-18.02.2018ж.), классикалық жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІІ орын, Ақмола облысының жалпы білім беру мектептері мен колледждері клубтарының тәрбиеленушілері арасындағы облыстық «Намыс» спартакиадасының бағдарламасында «Айбын» әскери-патриоттық жиыны бойынша І орын (2018ж.), Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында жатып штангіні көтеру жаттығу түрінен І орын (1-8.04.2019ж.). Текелі қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында классикалық пауэрлифтинг спорт түрінен І орындарды иеленіп жеңіс тұғырынан көрініп келеді (1-9.04.2018ж.).

Мақсаты – ұлағатты ұстаздардан алған тәлім-тәрбиесін өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізу, ұстаздық жолын шыңдап, шәкірт тәрбиелеу.

Қазақстандағы үздік студенттердің қатарынан көрінуге лайықты қатысушымызға тек қана жеңіс тілейміз!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 212 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"