Суббота, 26 сентября 2020 14:05

"ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті" аймақтық жобасына қатысушы – Секел Жанарбек

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Секел Жанарбек – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің IV курс студенті. Мақсаты –  «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген қағиданы ұстанып, ана тілінің қадір-қасиетін, ұлылығын насихаттайтын ұстаздықтың ұлы жолына түсу.

Осы мақсатта жеткен жетістіктер мен алаған асулары да баршылық. Филология бөлімінің үздік студенттерінің бірі болумен қатар Көкшетау қаласына аты мәлім, артынан өшпес мол мұра қалдырған Көкен Шәкейұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірті. «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық форумы аясында өткізілген мүшәйрасының, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының жүлдегері, 2018 жылы республикалық «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды.

Мектеп қабырғасынан бастап қыл қаламды жанына серік етіп, поэзия әлеміне және ұлттық өнеріміз айтысқа да бет бұрып келеді. Өзін жастар арасында ұлттық тіл мен ұлттық дәстүрді насихаттауға арналған колледж, қалалық көлемдегі іс-шаралардың ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы ретінде танытып келеді.

Секел Жанарбекке "ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті" жобасында сәттілік тілейміз!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 200 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"