Суббота, 26 сентября 2020 14:02

"ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті" аймақтық жобасына қатысушы – Аманжолова Аққу Қорғанқызы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Аманжолова Аққу – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ұйымдастырылатын «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының қатысушысы. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің IV курс студенті Аманжолова Аққу – қайырымдылық іс-шаралардың белсенді мүшесі. 

2019 жылдан «Рахат» еріктілер клубының жетекшісі. Клубтың негізгі мақсаты: науқас бүлдіршіндер мен балаларға қол ұшын беріп, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. «Мен үшін ерікті болу – жай ғана сөз емес, өмірлік ұстаным! Өйткені ерікті болу өз елін, халқын сүю дегенді білдіреді» деген ұстаныммен қайырымдылық істердің басында жүрген Аққу Қазақстандағы «Еріктілер жылы» жастардың адал көңілмен қоғамға еңбек ету үшін үлкен мүмкіндік деп таниды. Елге көмектесу бір ретте жасалатын науқан емес, халықтың өмір салтына айналуы керек деген көзқарасты ұстанушы.

Аманжолова Аққуға "ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті" жобасында жеңіс тілейміз!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 210 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"