Пятница, 25 сентября 2020 15:01

«Ақмола облысының таланттары» жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Біздің әнші – Аuka!

Бүгінде жастар арасында отандық әншілердің туындыларына кавер (cover) жазып, өте танымал болып келе жатқан жерлесіміз Аuka.

Исаұлы Ауғантай Моңғолия Республикасы Баян Өлгей қаласында 1991 жылдың 28 қыркүйегінде туған. Көкшетау қаласына ата-анасымен 1991 жылы көшіп келген. 2015 жылы Қазақ ұлттық университетін «Музыкалық әртіс» мамандығы бойынша  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әлімбек Оразбековтің шеберханасын тәмәмдаған.

«Өнерге келуіме екінші ағам Досбол себепші болды. Ол кішкентайынан домбыра тартып, ән айтумен айналысты. Мен оған қарап бой түзедім. Кішкентайымнан ән айту жаныма серік болды», - дейді Ауғантай.

Кавер жазумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Қазіргі жастар тіліңде айтсақ, «Заманауи треп» стиліндегі орындаушы. Әндеріне әуенді өзі жазады. Алғашқы шыққан релизі «Үнсіз сезім» деп аталады. Музыкасын өзі жазған, сөзі белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызыныкі. Сондай-ақ «Бұйра-Бұйра» және әнші AMRE екеуі дуэтте орындайтын «Табылам қасыңнан...» әндері бар. Бірақ Аuka көпшілік қауымға «Ләйлім», «Толқыным», «Кішкентай қыз», «Қалайда» және басқа да әндерге кавер айтумен танымал.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 166 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"