Среда, 23 сентября 2020 17:50

«Ақмола облысының таланттары» - жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өнерге ғашық  Махаббат!

Таныс болыңыздар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Жастар театры» МКҚК-ының актрисасы Мадғұлова Махаббат Ниязбекқызы.

1981 жылы Көкшетау қаласында туған. №1 Красный Яр орта мектебінде оқыған. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің түлегі. 2007 жылы Қазақ Ұлттық өнер университетін «Драма және кино әртісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2007 жылдан бастап Жастар театрының актрисасы.

Махаббат Мадғұлова көптен бері дубляж өнерімен айналысуда. Фариза Оңғарсынова туралы сахналанған «Фариза» спектаклінің Мәскеуде өткен көрсетілімінде синхронды аударма жасаған. Осындай жобаның бір бөлшегі болғанын мақтан етеді.

Театрдағы рөлдері:

Б.Соқпақбаев «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» - Әже;

Н.Гоголь «Ревизор» - Анна Андреевна;

Ю.Алесин «Күлше қыз» - Өгей ана;

С.Қасымбек «Наурыз ару» - Күн;

У.Шекспир «Асауға тұсау» - Жесір;

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар» - Эмма Ивановна;

Ж.Б.Мольер «Жорж Данден немесе ақымақ болған басым-ай...» - Анжелика;

Ж.Сомжүрек «Тілеп-Сарықыз» - Масаты

Кинодағы рөлдері:

2010 ж. «Астана – махаббатым менің» - Аэропорт диспетчеры

2011ж. «Жас ұлан» - эпизодтық рөл

2012 ж. «Лампочка» (новелла)

2016 ж. «Қызыл алма» - Жанат Ахатова

«7 арна» арнасының он шақты деректі фильміне дубляж жасаған актриса.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 199 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"