Воскресенье, 20 сентября 2020 10:11

Құрметті Ермек Бекенұлы!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Сізді Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы " МКМ-сі ұжымы атынан зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін. Ағайын-туыстың құрметіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне  әдемі ғұмыр кешіңіз!

 Қуанышыңыз ұзағынан болсын!

 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 236 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"