Суббота, 19 сентября 2020 14:38

«Ақмола облысының таланттары» жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өнері өрге жүзген ақын – Манарбек.

Манарбек Қыдырбайұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты.

1991 жылы МХР-ның Баян-Өлгей аймағындағы киелі ұйық Көксерке тауының бөктерінде дүниеге келген. 2005 жылы атажұртқа қоныс тепкен.

Зеренді ауданы, Қоныспай орта мектебінің түлегі. 2009-2013 жылдары Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде «Драма театр артисі» мамандығы бойынша білім алған. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Кинотеледраматургия» мамандығын үздік дипломмен тәмәмдаған.

Өлеңдері мен әңгімелері ұжымдық жинақтар мен республикалық, облыстық газет-журналдарда жарияланған. 2018 жылы түсірілген «Біржан сал елі» деректі фильмі мен «Менің құрбым Мира», «Құштарлық», «Үскірік» атты қысқа метражды фильмдердің сценарийін жазған. «Сал-серілер» атты инсценировкасы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында сахналанған.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Республикалық «Ауылым алтын тұғырым» атты ақын-жазушылар байқауының драматургия жанры бойынша І-ші орын жүлдегері. Республикалық «Тәуелсіздік толғауы-2017» байқауынан драматургия жанры бойынша ІІІ-орын иегері. «Жастар жалыны-2015» республикалық байқауының 1 орын иегері. 2020 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған жазушы Сәкен сері Жүнісов атындағы облыстық прозашылар байқауының және басқа да көптеген жыр мүшәйраларының жеңімпазы.

Қазіргі таңда Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Манарбектің бойында ақындық пен жазушылық қабілетімен қатар, әртістік, әншілік  дарыны бар.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 220 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"