Пятница, 18 сентября 2020 12:54

КӨКШЕНІҢ ТӨЛ ГАЗЕТІ- 90 ЖАСТА!⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2020 жылдың 17 қыркүйегінде қалалық «Көкшетау» газетіне 90 жыл толып отыр. Басылым 1930 жылы əуелі «Колхоз жолы», сосын «Көкшетау правдасы» атанған. 65 жылдық мерейтойы тұсында сол кезгі газет редакторы Мəтен Бижанов былай деп жазыпты: « ...1930 жылдың қыркүйек айы. Ғасырлар бойғы көшпелі тұрмыстық⠀салт-реңін өзгертіп, Голощекиннің «Кіші Октябрінің» дүмпуімен жаппай отырықшылдыққа көшіп, коллективтік шаруашылықтарға біріге бастаған қазақ ауылдары үлкен қарбаласқа түскен кез. ⠀

Сондай бір қауырт күндерде⠀Көкшетау ауданының ауылдарына «осында қазақ тілінде газет шығатын болыпты» деген сүйінші хабар лезде⠀тарап үлгерген еді. Көп ұзамай ескі латын жəне араб əріптерімен терілген төрт беттік шағын газет қолға тиді.⠀

Бұл БК/б/П Петропавл округтік комитетінің 1930 жылғы тамыз айындағы қаулысы негізінде құрылып, қыркүйектің⠀17 жұлдызында алғашқы нөмірі жарыққа шыққан «Колхоз жолы» газеті еді. Бүгінгі «Көкшетау» сол «Колхоз жолының» мұрагер жалғасы». Алғашқы ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып, туын тіктеген редакторлары Тайжан⠀Бердішев, Жұмабай Орманбаев, Белгібай Айтжановтар болған. (Сарбас Ақтаев сұхбатында «Алғашқы редакторыЖұмабай Орманбаев деген азамат болды» дейді)⠀

@kokshetaugazet⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 194 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"