Среда, 16 сентября 2020 19:58

«Ақмола облысының таланттары» жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Сан қырлы – Азамат Мадғұл.

Мадғұлов Азамат Ниязбекұлы Красный Яр селосында туған. №1 орта мектептің түлегі. Мектеп кезінде КТК ойындарына белсенді қатысып, Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаларда жүлдегер атанған. Азамат өнерлі жанұяда тәрбие алған, анасы Клара Айдарханқызы әнге жаны құмар, тамаша дауыс иесі, осы дарыны Азаматқа берілген. Азамат алғаш рет сахнаға 7-інші сыныпта шығып, дуэтте «Табиғат» әнін шырқаған. Тоғызыншы сыныптан бастап вокалмен айналасып, Көкшетау қаласындағы облыстық балалар шығармашылық үйінде Әридаш Жараспайқызының «Жұлдыздар» вокалдық студиясында білім алады.

Мектептен кейін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне география факультетіне оқуға түседі. Студенттік жылдары университеттің қоғамдық жұмысына белсенді қатысады. Университеттен кейін ғылым не, шығармашылық жолмен кетуге таңдау түсті. Азамат сүйікті ісі шығармашылықпен айналысуға шешім қабылдайды. Ол SuperStar.KZ, X Factor, Фабрика звёзд в Казахстане, Голос, Comedy баттл, Большая Разница в Казахстане, Рассмеши Комика және басқа да белгілі тележобаларға қатысады. Азамат «7 Арнада» «Жеңіп көр» ойын-сауық- экстремальды шоуын жүргізіп, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, НТК арнасында «Таза Қазақша», Білім және Мәдениет арнасында «Байтерек» зияткерлік шоуын, ON TV арнасында «12 стульев» танымдық шоуын,Tamasha арнасында «TamashaLike» жобасын жүргізді. Досы, режиссёр Алмаз Амандосов екеуі youtube арнасында «Tipa Karaoke» авторлық интернет жобасын ашты.

Телеарнадағы жұмысынан бөлек, музыкамен айналысып, авторлық туындыларын жарыққа шығаруда. 2013 жылы «Аққуым» әніне алғаш бейнеклип түсіреді. 2017 жылы «Жалғызым» авторлық әніне Q13 лақап атымен екінші бейнеклипын көрерменге ұсынады. Алматы-Шымкент (Унесённые рейсом) телесериалында басты рөлді сомдайды. Сонымен қатар, әнші Тамара Асардың «Әриайдай» клипіне түседі. Азаматты көптеген отандық жарнамалардан көруге болады. Азамат бүгінде белгілі шоумен, әртіс, әнші, пародист. Халықаралық, республикалық концерттердің, іс-шаралар мен фестивальдардың жүргізушісі. Бос уақытында өлең жазады, ән шығарады. Алла жасса, Азамат өзінің жеке концертін туған жері Красный Яр селосында және еліміздің түкпір-түкпірінде бергісі келеді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 100 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"