Среда, 16 сентября 2020 13:11

«БІЗ – АБАЙ ЖОЛЫНДАМЫЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

 Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып республикалық «Біз – Абай жолындамыз» онлайн эссе байқауын өткізді. Байқауға қатысуға тілек білдірген 42 үміткер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып шығып, ақтық кезеңге жолдама алды. Онлайн байқаудың мақсаты да сол, «Абай жолы» романының жаппай оқылымын ұйымдастырып, жастар арасында Абайдың тарихи тұлғасын кеңінен танымал ету болды.

Байқаудың қорытынды кезеңі ғаламторлық конференция арқылы өтті. Бұл кезеңде қатысушылар Zoom мобильдік қосымшасы арқылы Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығының вебинарына қосылып, вебинар барысында өздері оқыған «Абай жолы» романы негізінде «Атаның ұлы емес, елінің ұлы» тақырыбында шағын эссе жазып, дайын болған туындыларын Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне жолдады. Ал, байқауға орыс тілінде қатысқан үміткерлер «Духовная натура поэта и мелодия любви» тақырыбына қалам сілтеді.

  Байқауға келіп түскен эсселер Ақмола облысы Оқу-әдістемелік ортығының білікті мамандарынан құрылған қазылар алқасымен қаралып, осының негізінде байқаудың қорытындысы шығарылды.

  Тәжірибелі тілші-әдебиетші мамандардан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша мемлекеттік тілде жазылған эсселер арасында ойының түйінділігі, тілінің оралымдылығымен көзге түскен үміткер Ерден Нұрахметтің (Ш.Уалиханов атындағы КМУ ) эссесі бірінші орынды иеленді, ал тіл көркемдігімен өзгеден ерек көрінген Айгүл Серікбай (Ж.Мусин атындағы қазақ пед.колледжінің)екінші орынды, Кәмиля Қанатай, Томирис Райхан (Ж.Мусин атындағы қазақ пед.колледжінің) үшінші орынды қанжығаға байлады.

Орыс тілінде қалам тербейтін жас эссеистер арасында Аслан Абуталиповтың (Ш.Уалиханов атындағы КМУ) мерейі үстем түсіп, Ақмарал Мырзабаева (Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің)  есімді үміткер үшінші орынға жайғасты.

Сондай-ақ, қаламгерлік өнерімен қазылар алқасының көңілінен шыға білген Дінмұхамед Кенжебек, Гүлзат Болатова, Жұлдыз Тоқтағанқызы, Аяжан Танкаева есімді қатысушылар да жүлдеден шет қалмады.

Байқаудың жеңімпаздарына Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі атынан құнды сыйлықтар тағайындалды.

P.S. Осы орайда, "Біз - Абай жолындамыз" республикалық байқауына Талдықорған, Шымкент, Нұр-Сұлтан және де Көкшетау қалаларынан  үн қосып, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға түйірдей болсын үлесін қосқан жас эссеисттердің басым көпшілігі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің шәкірттері - болашақ тілші-әдебиетші мамандар екенін айта кеткен жөн.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 160 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"