Вторник, 15 сентября 2020 21:33

"Қазақ отбасының жылуы" жобасы аясында Жакупбековтар отбасымен таныс болайық

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Үйлесімділік пен берік қарым-қатынастың сыры, ағайын- туыспен қалай тіл табу жолдарын бұл отбасы жақсы біледі.

Ұлтаралық отбасындағы қиындықтар қалай шешімін табуда, жанұядағы үйлесімділікті сақтау жайлы қазақ отбасына келін болып түскен Марина Жақыпбекова жақсы біледі.

Марина Жақыпбекова 1981 жылы қарашаның 25-і күні Егіндікөл ауданында дүниеге келген (қазір де осында тұрады). 2008 жылы Астана қаласындағы Гуманитарлық педагогикалық колледжін аяқтап, Ушаков орта мектебінде алғаш ұстаздық жолын бастады. Кейін Егіндікөлдегі «Балбөбек» балабақшасында 7 жыл тәрбиеші болып жұмыс атқарды. Жоғары білімді маман бүгінде аталмыш балабақшаның меңгерушісі.

Мемлекеттік тілді насихаттау және дәріптеу бойынша өткізілетін өзге ұлттар арасындағы байқауларға, іс-шараларға жиі қатысып, көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие болған.

Жолдасы Қуат Ермекұлымен төрт бала тәрбиелеуде. Үлкендері Айтуар – бүгінде Отан алдындағы борышын өтеп, мамыр айында аман есен үйге оралды. Қызы – Нұрай анасының жолын қуып, Астана қаласындағы Гуманитарлық колледждің ағылшын тілі факультетінде оқиды.А йбар мектеп оқушысы болса, Айлана балабақша тәрбиленушісі.

Ермек пен Марина 2000 жылы наурыз айында мешітте некелерін қиып, мұсылман дінін қабылдап, өз есімін Мадина деп ауыстырған.

«Үш жыл ата-енеммен бірге тұрып, тілдік қорымды молайтып, барлық салт-дәстүрді, қазақ келіндері білуге тиіс барлық қажет дүниелерді үйрендім. Осы барлық жинаған тәлімімді, осы күндері бұзбай, ұстанып келемін. Бай да, шексіз қазақ тіліне деген махаббатты бойыма сіңірген қазақ тілінен ұстазым Рахия Кокушқызына және әлбетте жанұяма алғыс білдіремін. Қазақ тілінде еркін сөйлей алатындығымды мақтан етемін!», - дейді Марина Жакупбекова.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 150 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"