Вторник, 15 сентября 2020 21:12

Ақмолалық мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс жүргізу дағдылары арттырылуда

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселесі бойынша вебинар ұйымдастырды.

Мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде құжат рәсімдеу барысындағы тіл сауаттылығын арттыру.

Вебинардың жұмысын бастай отырып, Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева мемлекеттік тіл – ол мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын тілі деп атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік тілді барынша дамыту барлығының міндеті. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілдің дәрежесін нығайтуға бағытталған жұмыс атқарылуда және бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі өз мысалында тілді өздігінен жетік меңгеруге әрбір адамның қауқары бар екенін көрсетуде.

Тренер ретінде вебинарға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Дулат Қыдырменов шақырылды. Ол дәріс оқумен қатар өтініш, бұйрық, шешім, анықтама, өмірбаян, түйіндеме, мінездеме және т.б. сияқты жиі рәсімделетін құжаттардың үлгілерін таныстырды.

Д.Қыдырменов ресми хаттар мен хаттамаларды толтыру ережелері туралы толығырақ тоқталып өтті. Оның айтуынша, іскери хаттың ерекшелігі ресми-іскери стильде, оның мазмұнының қысқа әрі нұсқа, нақты және түсінікті болуында жатыр.

Іс-шара соңында тренер қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Мемлекеттік қызметшілер үшін ұсынылған ақпарат өте пайдалы болды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 144 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"