Среда, 12 августа 2020 11:37

Ақмола облысында мектептер қашықтықтан оқытуға дайындық үстінде

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Коронавирустың таралуымен күресу шараларын күшейту аясында облыстағы бірқатар мектептер жаңа оқу жылын қашықтықтан оқыту форматында бастайды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Облыс мектептеріндегі алдағы оқу үрдісіне дайындық үшін қолданыстағы 16 166 дана компьютерлік техникадан басқа, ағымдағы жылы 1 460 дана компьютер сатып алынды, тағы 352 компьютер сатып алу жоспарлануда.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, 132 мың оқушының ішінде тек 2 676 оқушыда дербес компьютерлер/ноутбуктар мен смартфондар жоқ, оларға пайдалануға мектеп компьютерлері, ноутбуктар мен планшеттер берілетін болады.

«Барлық мектептер кең жолақты интернетке қосылған. Олардың жартысына жуығы Білім министрлігі ұсынған 8 Мбит/с жылдамдыққа ие. Біз, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, мектептер санын көбейту бойынша жұмыс жүргізудеміз және жақында белгіленген стандарт көрсеткіші тағы 35 оқу орнында болады. Қашықтықтан оқыту үшін «Bilimland» білім беру платформасы және «Kundelik» ақпараттық жүйесі пайдаланылады, оған аймақтың барлық мектептері қол жетімді », - деді облыстық басқарма басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Оқушылардың интернетке дербес қол жетімділігі мәселесі іс жүзінде шешілді, 96,2% желіде жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Қалған оқушылар Beeline, Tele 2, Activ және т.б. мобильді интернет флеш-карталарымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін флеш-карталар ұялы байланыс операторларынан «Білім» тарифімен сатып алынады.

Қолайлы эпидемиологиялық жағдайы бар шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі балалар қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып штаттық режимде оқытылады. Бұл жалпы оқушылар санының 7% құрайды.

Айтпақшы, облыста күндізгі жалпы білім беретін 555 мекеме бар.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 164 раз Последнее изменение Среда, 12 августа 2020 11:39
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"