Суббота, 01 августа 2020 16:03

Құрметті аршалылықтар!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Мұсылман бауырлардың ұлық мерекелерінің бірі саналатын айт мейрамы баршаңызға құтты болсын!

Құрбан айт – жүрекке жылу сыйлайтын, адамзаттың барлығын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ынтымаққа, кешірімге шақыратын күн. 

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз  қабыл  болсын. Шаңырақтарыңыз құт-берекеге,  төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын!

Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шуақты күндер нәсіп етсін! Арайлап атқан әрбір таң молшылық пен шаттық әкелсін!

Көп ұлт пен ұлысты Отанымыз әрқашан бірлік пен ынтымақта өмір сүріп, еліміз қиындықтарды енсеріп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ұлық мереке құтты болсын!

Т. Мұханбеджанов

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 190 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"