Суббота, 01 августа 2020 13:13

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов Бұланды ауданына жұмыс сапарымен келді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ғалымжан Кенжешұлы жұмыс сапары барысында Бұланды ауданының «Даниловское и К» ​ және «Капитал 2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мал базалары мен егістік алқаптарына барды. ​

Сапар барысында жоғарыда аталған шаруа қожалықтарыдың көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу қарқынымен, мал өсіру ​ жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, өңір басшысының орынбасары Макинск құс фабрикасының қуаттылығын арттыру бойынша салынып жатқан бройлерлік алаңдардың құрылысын көрді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ғалымжан Кенжешұлы ​ облыстық басқармалар басшыларының, сондай-ақ Біржан сал және Бурабай аудандарының әкімдері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен өңірлік кеңес өткізді. Кеңесте мал өсіру бағдарламаларын жүзеге асыру, инвестициялық жобаларды іске қосу, егін жинау науқанына дайындық, жерлерді пайдалану  және тағы да басқа  мәселелер талқыланып, ​ ​ аудан әкімдеріне ауылшаруашылықты дамытып, жоспарланған ​ индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 172 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"