Суббота, 01 августа 2020 13:10

Егіндікөл ауданы әкімдігінің көмегі арқасында 7 шілдеден бастап, 15 орындық провизорлық стационар жұмысын бастады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Егіндікөл ауданы әкімдігінің көмегі арқасында 7 шілдеден бастап, 15 орындық провизорлық стационар жұмысын бастады.  Онда 4 кезекші дәрігер мен 7 орта медициналық қызметкер ауысым бойынша жұмыс істейді.

Стационардың жұмысына жергілікті кәсіпкерлер өз үлестерін қосуда. Жалпы сомасы 503 мың теңгеге  9 пульсоксиметрлер ("Жер ана" ЖШС), 8 оттегі баллоны, 3 оттегі концентраторы ("Кәусар" мешіті және С.В. Середа), душ кабинкасы, 100 литрге арналған бойлер және 14 төсек-орын жиынтығы (Середа Н.В.) сатып алынды.

7 шілдеден бастап провизорлық стационарда 30 адам емделіп шығып, қазіргі таңда 9 адам емделуде.

Стационар, қажетті жабдықтармен,  дәрі - дәрмектермен және басқа провизиялармен толық қамтамасыз етілген.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 165 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"