Среда, 15 июля 2020 17:27

Қажетті дәрі – дәрмек дәріханаларға аз мөлшерде жеткізілген

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Соңғы уақытта коронавирустық инфекция жұқтырып, науқастанғандардың емі үшін қажет дәрі-дәрмек тапшылығы мен дәріханалардағы бағаның негізсіз қымбаттауы көпшілікті мазалап отыр. Бұл мәселе облыс басшылығының жіті қадағалауында. Десе де, өткен аптаның соңында өңірдің дәріханаларына жеткізіледі деген дәрі-дәрмек бүгінде жоқ болып шықты. Ол «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің мамандары жүргізген рейд барысында анықталды.

Ел тұрғындарының короновирус пен пневмонияға шалдығуы салдарынан дәрі-дәрмек бағасының шарықтап кеткені жасырын емес. Мәселе, тек бағаның өсіп, қымбаттануында ғана емес, халық емделуге қажетті препаратты таба алмай сандалып жүр. Өткен аптаның соңында дәріханаларға жеткізіледі деген дәрілер жоқ болып шықты. Рейд барысында сұранысқа ие дәрілердің аз мөлшерде жеткізілгені және кейбір препараттардың бағасы негізсіз көтерілгені анықталған.

САМИРА ТӘЙТЕНОВА, «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінгі күні дәрі-дәрмектің толықтай қамтамасыз етілмеген. Мониторинг жасаған кезде әр дәріхана алдында көптеген халық тұрады. Олардың наразылықтарын тыңдадық. Красный Ярды алатын болсақ, ең бастысы парацетамолды сұраймыз, бір дәріханаға 50-ақ пластинка парацетамол әкелінген екен. Бұл өте аз. Бірақ та әкелінбеді деуге болмайды. Терафлюдің бір упаковкасында 12 штук болса, шекті бағаны асырып сатады, шекті бағасы 1946 тг деп бекітілген. Дәріханаларда, сатылғанда  бір данасы 200-230-ға дейін барады!

Қазақстанға шетелден дәрі-дәрмектер ретінде жіберілген гуманитарлық көмектің қоймада 2 айға жуық жатқаны белгілі болды. Бұл бюрократиялық кедергілер алдағы уақытта жойылмақ. Гуманитарлық көмек ретінде жәберілген дәрілердің өңірдегі медициналық мекемелерге тең үлестірілуін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті мен «Ақмола-адалдық алаңы» өз бақылауларына алмақ. Айта кетейік, дәріханаларға жүргізілетін рейд әлі де жалғасады.

Источник kokshetautv.kz

 БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 197 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"