Среда, 15 июля 2020 16:56

Шағын және орта бизнес субьектілері азайған

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Карантин кезінде экономика саласында  ең көп зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері.  Облыста  соңғы  1  жылмен   салыстырғанда  олардың  саны   екі  мыңға  дейін   азайған. Бұл көрсеткіш әсіресе Бурабай, Егіндікөл, Астрахан, Жарқайың аудандарында байқалады. Көбі қоғамдық тамақтандыру  және  сауда орындары.

Ал жеке кәсіпкерлер қатары 3 мыңға дейін қысқарған. Әсіресе, қазіргі карантин кезінде көп  кәсіптің  тұралап қалғаны белгілі. Бұл ретте жеке кәсібі барлар жұмысын уақытша тоқтатқан. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіп субъектілері көрсеткен қызмет, өнім көлемі 130 млрд теңгені құраған. Соңғы кездері мал шаруашылығымен айналысатын  кәсіп  иелерінің  саны  көбейіпті.  Айта кетейік, ел президенті бизнес өкілдеріне жеңілдік жасап, салық үстемесінен босатып, несие шегерімін берген еді. Алдағы уақытта да мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетуді тапсырды.

ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Соңғы 3 жылда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін несие көлемі 3 есе ұлғайды. Әсіресе  «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында биылғы жылға 4,7 млрд  теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасымен, кәсіпкерлерге несие мөлшерлемесі төмендетілген, яғни 6 процентпен  беріледі. Жеке кәсіп иелерінің азаюының негізгі себебі – тіркеуден алынуы және  бірыңғай жиынтық төлем негізінде бюджет есебіне көшуі.

Источник kokshetautv.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 179 раз Последнее изменение Среда, 15 июля 2020 17:04
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"