Вторник, 30 июня 2020 12:25

Көкшетаулық оқушы ҰБТ - ден 132 алды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Мен, Думанбек Шынар, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған #3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының 2020 жылғы түлегімін. ҰБТ - ден мүмкін болатын 140 балдың 132 балын иелендім. ⠀

"Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады" деген жақсы сөз бар ғой.  Мен бала күнімнен үйімнен жырақта жүріп, білім іздеп, мектеп-интернат қабырғасында білімді, жан-жақты, талантты ұстаздардан білім алдым. Мектеп-интернатта әр күнімді босқа өткізбей,   білмекке  ізденіп,  талаптанып,  8-сыныптан бастап биология-химия бағытын таңдап, ұстаздарыммен жүйелі түрде  дайындық жүргізіп отырдық. Көптеген пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайыстарына қатысуым да осындай  жоғары нәтиже алуыма өз үлесін қосты.⠀

Мектеп қабырғасында пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің, ал ғылыми жоба сайысының республикалық кезеңінің жүлдегерімін. ⠀

Қуанышым шексіз! Ең бірінші сенім артып, мақсатқа жету жолында еңбектенуді үйреткен аяулы ұстаздарыма,  әрқашан қолдау көрсетіп отырған ата-анама, жақындарыма, достарыма үлкен Рахмет айтқым келеді. ⠀

Осы жылғы ҰБТ-ның әділдігінің  арқасында өз білімімнің деңгейін көрсете алдым деп ойлаймын. ⠀

Осы  жылғы және келер жылғы түлектерге ҰБТ-ға дайындықтары жүйелі болса, ешқандай шпаргалка, телефонсыз шынайы тапсырып, жоғары балл алу мүмкін екенін айтқым келеді. Алдағы күндерде ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тілеймін!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 255 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"