Четверг, 04 июня 2020 10:49

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Барлықтарыңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Бүгінгі соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған мектеп бітірушілерді арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады.

Алда әрқайсыңыз өз жолыңызды және өз тағдырыңызды таңдайтын басқа ересек өмір күтіп тұр. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Бірақ біз экзамен сынақтарынан абыроймен өтетіндеріңізге және терең білім алып туған жерді дамытуға үлес қосатындарыңызды, ауданның ғана мақтанышы емес, еліміздің мақтанышы болатындарыңызға сенімдіміз.

Сіздердің таланттарыңыз, күш-қуаттарыңыз, бастамашылықтарыңыз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз Жарқайың жеріне қажет. Алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер.

Біз сіздерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз.

Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі М.Балпан

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 201 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"