Понедельник, 01 июня 2020 11:17

Еркебұлан Баяхметов Шаңтөбе кентіне жұмыс сапарымен барды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Шаңтөбе кентіне жұмыс сапары барысында қала әкімі Еркебұлан Баяхметов жаңа қазандыққа барды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған қазандық 2018 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

Қазандық қуаты 17.6 гкал/сағ. "Шаңтөбе-Энерго" ЖШС директоры Р. Г. Птухов жылу желілерінің учаскелерін ағымдағы жөндеу жөніндегі жоспарлармен таныстырды, олар бойынша жұмыстар осы жылдың 1 маусымынан басталады. Қазандықтан басқа БЖСМ, В. Комаров атындағы орта мектеп, «Мерей» балабақшасы және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Жұмыс сапарының соңында қала басшысы кент әкімі Е. Б. Мұқановқа алдағы уақытта шешімін табатын нысандардың негізгі мәселелерінің тізімін беруді тапсырды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 305 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"