Понедельник, 27 января 2020 22:02

Абайға арналған іс-шаралардың санына емес, сапасына мән беру керек

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы  әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының тойлануына арналған брифинг өтті.

Айна Ермекқызының құттықтау сөзімен басталған брифингте алдымен сөз сөйлеген Ақмола облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарованың айтуынша биыл Абайға арналған  1 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Оның ішінде көптеген концерттер мен конференциялар, жазба ақындар айтысы секілді іс-шаралар және Абай шығармаларынан үзінділер оқу челлендж-эстафетасы қайталанбақ.

Брифинг барысында сөз алған Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек Абай жылын челендж жасап өткізу ақымақтық екенін, бұл Абайды насихаттаудағы ең оңай, әрі тиімсіз жолы екенін айтты. Абайдың бір шумақ өлеңін қағазға қарап оқып бергеннен біз Абайды тани алмаймыз, түсінбейміз деді.  
Сондай-ақ, ол Мәлік Ғабдуллин музейінің Біржан сал ауданында ауқымды іс-шарамен бастап,  оны сәуір айында Семей қаласындағы «Біржан әні, Базаралы көші» ғылыми-танымдық экспедициясымен аяқтауды жоспарлап отыр.  Іс-шараның Біржан сал ауылында басталуы да тегін емес. Себебі Абайдың өнеріне тәнті болған Біржан Семей өңіріне Абайды өзі іздеп барғанын бәріміз жақсы білеміз деді Құдайберлі Мырзабек. 

Ал, Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Вечная поэзия Абая» атты акция өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Гүлмира Саматқызы: Жыл басында біз ішкі саясат басқармасымен бірге облысымызда Абай Құнанбаевтың есімі 140 көшеге, 3 мектепке, 3 елді мекенге берілгенін, ал  Степногорск қаласында Абай мүсіні орнатылған анықтадық»,–  деді.

Брифингке қатысқан Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова: «Абайға арналған іс-шаралардың санына емес, сапасына мән беру керек»,– деді. Биылғы Абай жылын ойдағыдай өткізу үшін алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне көп міндет жүктеліп отырғанын айтты.  Биылғы Абай оқуларының да өзіндік ерекшелігі бар екен. Бұрын тек қазақ балалары қатысқан бұл байқау биыл өзге ұлт өкілдерінің арасында ұйымдастырылатын болады.  

Сондай-ақ, Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен мамыр айының 14-15 күндері «Абай мұрасы және қазіргі білім беру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.  Оған Ресей, Татарыстан, Қырғыстан мен Ұлыбританиядағы Кембридж көпсалалы колледжінен қонақтар келіп қатысады.

Ал, 2020-2021 оқу жылының басы – 1 қыркүйек Абайға арналған ашықсабақтармен басталады.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы Көкшетаудағы №-3 дарынды балаларға арналған мектеп интернатына Абайдың есімі беріліп, бұрынғыдай жаратылыстану бағытында емес, гуманитарлық бағытта оқытатын болады. 

Ал, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжебаев Абай жылын «EL Jastar» театрының «Жастықтың оты қайдасың?» спектаклімен бастамақ. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жыл бойы әр түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілмек. Және ЖОО-ның қатысуымен конференциялар, түрлі байқаулар ұйымдастырылатын болады. 

Мерген Тоқсанбай

#Абай
#175жыл
#Кокше
#сми

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 138 раз