Олар дос, таныс, туыстарынан түскен ақшаны бөлісіп стористеріне салып, мақтанып жатты. Бірақ, солардың ішінде көзімізге ерекше түскен елорда тұрғыны Қазақстан ұлттық арнасының журналисті Керім Аянқызы.
Оның Каспий голдына 100 теңге ғана емес 10 мың теңгеге дейін ақша аударғандар бар. Тіпті өз шоттарына осы челендж арқылы түскен ақшасын Керім Аянқызының шотына аударып жіберген жандар бар. Ал, Керім Аянқызы болса түскен қаражаттың бәрін көп балалы отбасылар мен балалары ауырып жатқан аналарға қолма-қол аударып, бүкіл ақшаны қайырымдылыққа жұмсады. Ақшаның соңғы тиынына дейін қайда жұмсалғанын жұртқа жариялап отырды.
Ол өзінің парақшаларында былай деп жазыпты:
Мәселе ақшаның көлемінде емес НИЕТТЕ! Кәдімгідей ниеттеріңіздің ақтығына, шын пейілдеріңізге разы болып, қуанып қалдым!
Басында ақшаны көп балалы анаға аударамын дегенмін. Сосын көргеніңіздей жекеме "баламның дәрісін ала алмай отырмын" деп хат жазды бір қыз. Еш нәрсе себепсіз болмайды, Құдай өзі себепкер қылып тұрған шығар.
Бәріңізге көөөп рақмееет, жақсы көрем бәріңізді! 100 ден аса адам ат салысты! 100 тг-мен болсын қалай сауапты іс жасауға болатынына көз жеткіздік.
Міне, Керім Аянқызының бастамасын оқырмандары осылай қолдап әкетті. Жаңа жылда жүрекке мейірім ұялататын осындай бастамалар көп болсын деп тілейік.
Мерген Тоқсанбай