Понедельник, 18 ноября 2019 09:48

«Бірге түзетейік» байқауының жеңімпазы анықталды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеші көмекшісі Мансия Газизова «Бірге түзетейік» байқауының жеңімпазы атанды.

Бұл жарыс көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді анықтау; жарнамалардағы қателерді түзетуде қала тұрғындарының белсенділігін арттыру мақсатында өтті. Және де

мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында сауатты қолданылуын қамтамасыз етуді көздеді.

Сыннан сүрінбей өткен байқау жеңімпаздарын Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова құттықтады. Іс - шара қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкері иеленді. Мансия ханым аталмыш посттарда 95 лайк жинады.

Екінші орынды Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы Жанар Айтмағанбетова алды. Ол өзіне лайықты 62 лайк жинады.

Үшінші орында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорттық шеберлік мектебі" спорт жөніндегі әдіскер Әсет Рамазан. Оған лайк басқандар саны - 45 желі тұтынушы.

Ұйымдастырушылар барлық жеңімпаздарға қысқа толқынды пеш ( микроволновка) пен алғыс хаттар табыс етті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 231 раз