Понедельник, 11 ноября 2019 17:19

Көкшетаулық студент республикалық байқауда екінші орын алды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Көкшетаулық студент республикалық жыршы - термешілер байқауында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Көкшетау Азия.

Бұл қуанышты жаңалықпен бізбен Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бөлісті.

9 қараша күні Қызылорда қаласында өткен "Текті сөздің төресі - терме республикалық жыршы - термешілер байқауында Ақмола облысының намысын Таңнұр Әлболсын қорғады. Жас термеші Ақан Сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің театр ұжымының жетекшісі мамандығының 4 курс студенті.

Байқау ұйымдастырушылары Таңнұрға жүлделі екінші орын үшін 150 000 теңге көлемінде сыйақы берді.

Айта кетейік, бұған дейін ол қалалық және облыстық жыршы- термешілер байқауында бірінші орын алып, осы үлкен жарысқа өткен болатын!

Құттықтаймыз!

Ақпаратты дайындаған

Алма Сырымбетқызы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 301 раз Последнее изменение Понедельник, 11 ноября 2019 17:24