Вторник, 29 октября 2019 12:36

Бурабайда қысқаметражды фильмдер түсіріле бастады, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевтың қолдауымен Бурабайда бес қысқа метражды фильм түсіріледі. Осы орайда табиғаты таңғажайып Бурабайдың көркін әлемге танытып, насихаттауды мақсат еткен бұл жобаға қолдау көрсеткен облыс әкіміне алғыс білдіру керек.

Биылғы жылға жоспарланған үш фильмнің екеуінің түсірілім жұмыстары аяқталды. Олардың алғашқысы «Паспорт» деп аталады. Оқиғасы жеңіл, комедиялық фильмнің сценарий авторы да режиссері де Жандос Құсайынов.

Фильмге еліміздің танымал актерлері Сағаділдә Усипалиев және Асылбек Қапбаевпен қатар шетелдік актерлер Джодан Орби (Франция), Диана Бобессо (Конго) түсті.

Сондай-ақ, бұл фильмге Ақмола облыстық Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының жас актерлері Санжар Талғатұлы мен Назерке Ерікқызы да қатысты.

Бұл фильмнің сюжетін әзірге айтуға болмайды. Дегенмен оқиға желісі өте қызық. Француз жігіті мен оның Конгодан келген қалыңдығы жайында. Олардың бастан кешкен қиын да қызық оқиғалары көрерменді көңіл-күй сыйлайтынына сеніміміз зор.

Өзім осы екі фильмнің түсірілуіне қатысқан адам ретінде бұл фильмдер өте сапалы, жоғары деңгейде түсірілді деп айта аламын. Бұл фильмдердің бас продюсері Жарас Қалдаров болса, атқарулы продюсерлері актер Берікқан Төкенов пен Сұлтан Сраилов.

Фильмдердің түсірілім барысындағы қызықты сәттерді алдағы уақытта жариялаймыз. Бізбен бірге болыңыздар.

Мерген Тоқсанбай

 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 417 раз Последнее изменение Вторник, 29 октября 2019 12:41