Пятница, 13 сентября 2019 16:58

"Шапағат" халықтық жобасы бұл - аз қамтылған адамдарға, көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналарға көмек көрсететін қор.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Біздің бас кеңсеміз Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Біздің бөлімшелер республикамыздың 17 аймағында жұмыс істейді.
Біздің мақсат - өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға көмек көрсету.

Біздің миссия - мейірімділік пен өзара қолдау арқылы Қазақстандағы кедейлікті жеңу. Сондай-ақ біз әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытқымыз
келеді. Біз азаматтарға жаңа мамандық алып, табыс табуға үйрететін тұрақты түрде әртүрлі шеберлік сағаттарын өткізіп тұрамыз. Жыл сайын
қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз. Мұқтаж адамдарға заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеміз.
Бізде киімдер мен аяқ киім, қажетті тұрмыстық заттарды қабылдайтын және тарататын қойма бар.

Біз адамдарды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етеміз.

Біз өмірдің барлық қиындықтарын өзара қолдау мен мейірімділік арқылы жеңуге болады деп санаймыз.

Егер сізге көмек қажет болса немесе сіз біздің жобамызға көмек көрсеткіңіз келсе мына телефондарға хабарласыңыздар: 8771 020 9287 - Назгүл
Мағжан, "Шапағат" халықтық жобасының жетекшісі, 8771 0209337 - Мәншүк Мырзалы, "Шапағат" халық жобасының үйлестірушісі.
Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 68, 219-каб. "Маржан" БОFB IMG 1568440955178FB IMG 1568440955178FB IMG 1568440955178FB IMG 1568440955178FB IMG 1568440955178FB IMG 1568440955178

FB IMG 1568440941886FB IMG 1568440941886FB IMG 1568440941886FB IMG 1568440941886

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 262 раз