Вторник, 02 июля 2019 09:02

Қуаныш Оспан республикалық «Семсер» сыйлығын жеңіп алды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(2 голосов)

Көкшетаулық ақын Қуаныш Оспан республикалық "Семсер" сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігің  kokshetauasia меншікті тілшісі Мерген Тоқсанбай.

Биылғы «Жастар жылына» орай «Мәдениет порталында» онлайн түрде «SEMSER» әдеби конкурсын ұйымдастырып отыр.

Бұл байқауға республикамыздан 45 жасқа дейінгі 300-ден астам қаламгер қатысты. Олар: "Үздік поэзия", "Үздік проза" , "Үздік әдеби сын" аталымдары бойынша бақ сынасты. Сондай-ақ, алтын төсбелгісі және куәлігі бар Мағжан Жұмабаев, Саттар Ерубаев, Сағат Әшімбаев атындағы арнайы әдеби сыйлықтар өз иелерін тарты.

аа17002

Ең көп автор "Үздік поэзияға" аталымына қатысқан екен. 130 ақынның ішінен оқ бойы озып, Көкшетаудың Қуанышы дара келді.

Қуаныш Оспан бұл байқауға сиясы кеппеген "Бәтен балуан" атты поэмасын қосқан.

Бәтен балуан (1888- 1950 ж.ж) Көкшетау өңірінде ғұмыр кешкен. Ешқашан жауырыны жерге тимеген балуан. Атақты Балуан Шолақ Баймырзаұлының қызы.

аа17000

Әр аталымның жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп, Алтын төсбелгі тағылып, «SEMSER» әдеби сыйлығының лауреаты деген атақ берілді. Ал, солардың ішінен бір авторға 1 000 000 теңге көлемінде Бас жүлде тігілді. Оны Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының бірінгі орынбасары Ақберен Елгезек жеңіп алды. Ақын Ақберенге «SEMSER» әдеби сыйлығы сондай-ақ, сақтардан қалған ақ семсер тарту етіледі.

Көкшетаулық ақын Қуаныш Оспанға құтты болсын айтып, семсер шабытының жүзі жасымасын дейміз! Өлең мен өмірдің қиын күресінде Бәтен балуандай жауырыны жерге тимей жеңімпаз болып жүре берсін!

Көкшетаудың МЕРГЕНІ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1267 раз Последнее изменение Четверг, 01 августа 2019 17:06
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"