Пятница, 21 июня 2019 10:59

Шапағат жобасына жолдау

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Наурызгүл Т. есімді келінше жалғыз өзі кәмелетке толмаған 4 баланы өсіруде. Баласының біреуінде мүгедектігі бар. Ал, өткен жылы бұл келіншектің жолдасы қайтыс болған.

Қазір отбасы үш бөлмелі пәтердің (15 шаршы метр) бір бөлмесін жалдап тұрады. Ал, келіншек жұмыс істейін десе, балалары тым кішкентай. Сондай-ақ, оның өтелмеген несиесі де бар. Несиенің жалпы сомасы 1 млн теңге. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж тағы бір отбасы бар.

Гүлшара Т. есімді келіншек 6 кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуде. Отбасында тек күйеуі ғана жұмыс істейді. Гүлшар декреттік демалыста. Оның ең кішкентай баласы 8 айда. Бұл отбасыға материалдық көмек қажет. Ал, Бақытгүл С есімді келіншек бүгінде 5 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана. Оның жолдасы 4 стадиядағы рак дертімен ауырады. Ал, бұл мықты келіншек 2-3 жұмыста жұмыс істеуде. Сондай-ақ, бұл отбасының өздерінің жеке пәтерлері де жоқ. Және өтелмеген несиесі де бар. Несие сомасы 3 миллион теңге. Ол осы несиесін уақытынан кешіктірмеу үшін 2-3 жұмыста жұмыс істейді.

Міне, бұл келіншектердің барлығы сіз бен біздің әлеуметтік көмегімізге зәру. Сондықтан, ауыр жағдайға ұшыраған жандарға көмек көрсетуден қашпаңыздар демекпін.

Толық ақпаратты осы байланыс телефондарынан біле аласыздар.

8 771 020 92 87 –"Шапағат" республикалық Халық жобасының үйлестірушісі Назгүл МАҚЖАН

87770353811 – Көкшетаудағы «Шапағат» жобасының үйлестірушісі

Балахонцева Раиса Михайловна

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 582 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"