Суббота, 15 июня 2019 15:06

Елордалық полицей атышулы видеода намысына тигендерге жауап берді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Желіде астанада митингіге шыққандарды ұстаған әскери қызметкердің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автобус ішінде түсірілген видеода ұлты қазақ әскери қызметшінің намысына тиетін сөздер айтып, қысым көрсеткен бір топ адамды көруге болады. Әнші Раимның жеке орындауындағы "Ауылымды сағындым" әнімен сүйемелденген ролик әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, видеодағы әскери адам - полиция аға лейтенанты Марат Байдүйсенов. Ол құқық қорғау органдарында 2015 жылдан бастап қызмет етеді. Екі баланың әкесі. 

"Бұл оқиға 9 маусымда қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары аясында болған жағдай. Полицей өзін мұндай жағдайларда ұстаудың үлгісін көрсетіп, аса білікті қызметкер ретінде көрінді. Заң аясында әрекет етіп, берген сертіне берік болды. Намысына тиетін қаншама сөздер мен түсіріп жатқан қысымға шыдап, арандатуға ермеді. Бұл нағыз полицейдің үлгісі", - деп пікір білдірді ол.

Кейін офицердің желіде тараған видеоға қатысты жауабы айтылған тағы бір ролик жарияланды. Онда полиция аға сержанты митинг кезінде бірнеше адамды автобусқа отырғызуға қатысқанын айтты. 

"Автобус ішінде олар маған түрлі жаман сөздер айтты. Мен бәріне шыдадым. Өйткені қарусыз адамға қарсылық көрсеткім келмеді. Олардың жасағаны дұрыс емес, әрине, бірақ ондай сәттерде провокацияға жол бермеу үшін соңына дейін шыдау қажет деп ойлаймын. Біз жұмысқа тұрғанда қызметімізді адал атқаруға, адамдардың қауіпсіздігін сақтауға, қылмыспен күресуге ант береміз. Сондықтан мемлекеттің тұрақтылығын сақтау үшін кез келген заңбұзушылықпен соңына дейін күресеміз. Бұл біздің міндет", - дейді Марат Байдүйсенов жауабында.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 393 раз

Похожие материалы (по тегу)

© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"