Четверг, 13 декабря 2018 10:08

Бурабай туристер саны жағынан тмд-да 3-ші орында

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Арқа мен Алатаудың арасындағы алып аймақта әсем табиғаттың бар жауһары жасырынған.

Солардың бірі – Бурабай. Жарасымды орналасқан биік-биік таулар, сарбаздай сап түзеген қалың орман, күнге шағылысқан айнадай мөлдір көлдер мен кең далада көсілген жан-жануарлармен ерекше, жылына жарты миллионнан астам туристерді қабылдайтын мекеннің аумағы 129 200 гектар. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Исландия мемлекетінің аумағынан едәуір үлкен.

1938 жылы Нью-Йорк қаласында өткен байқауда Бурабай Швецариядан кейін 2-ші орынды иеленді. Бурабай аумағында 8 ірі өзен орналасқан,15-тен аса балық түрі бар. Бурабай орманының құрылғанына биыл – 120 жыл. Ғасырдан астам уақыт ішінде орман шаруашылығы жолға қойылып, өзінше үрдіспен дамуын жалғастырып келеді. Басында бақшадай ғана аумақ болған мекен 2000 жылдың 12-тамызында «Ұлттық табиғи парк» атауына ие болды. Ағаш секторы Ұлттық парктің бірден-бір негізгі саласы. Бұл аумақ жануарларға бай. Нақтырақ айтсақ 1304бұғы, 1309 елік, 20 қасқыр және бұдан бөлек, басқа  ірілі-ұсақты жануарлар бар.

Келген туристердің саны жағынан Бурабай ТМД-да 3-шіорында. «Қазақстанның Швейцариясы» аталып кеткен Бурабай кім-кімнің де таңданысын тудыратыны сөзсіз.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 559 раз