Среда, 18 апреля 2018 13:56

Целиноград ауданының әкімі меценаттармен кездесті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Целиноград аудандық филиалының ғимаратында «Рухани байлық – халықтың тірегі» атты диалог алаңы өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.

Аталмыш іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына арналып ұйымдастырылып отыр. Жиынның барысында Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев ауданның көркеюіне үлесін қосып жүрген меценаттармен кездесті. Кездесіп қана қойған жоқ, рухани келелі әңгіме өрбіді. Қазақстанның Еңбек ері, «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр өзінің жетістікке жеткен өмір тарихымен бөлісті. Жетістікке жетудің қағидасы да, қарапайым тәсілі де адам болып қалу, адамгершілікке үндейтін ізгі қасиеттерді сақтау. Бүгінде бизнестің алыбына айналған кәсіпкердің де айтары осы.  Айта кету керек, бұл жастарға жігер, санаға серпіліс берген тамаша кездесу болды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 652 раз

Похожие материалы (по тегу)

© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"