Вторник, 05 декабря 2017 09:25

Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Осы ұранмен Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған жастардың VI форумы өтті, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Жыл сайын өткізілетін бұл форумның мақсаты патриотизм мен төзімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында қолжеткізген жетістіктерді насихаттау болып табылды.

Аталған іс-шараға Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы, аудандық мәслихат хатшылары мен депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, аудандардан келген мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары, аудандық бөлімдердің басшылары, қоғам өкілдері және Ақмола облысының аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысқан.

 Аудан әкімі А.Мұратұлы өзінің құттықтау сөзінде: «Мемлекет басшысының қазіргі заманғы өзекті мәселелер бойынша бастамалары мен ұсыныстары көптеген елдердің пікірлері мен мойындауларына ие болды. Бұл, ең алдымен, бүкіл әлем үшін маңызды қадам – ядролық қарудан бас тарту, оған бірнеше рет төрағалық ету және Қазақстанның түрлі халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуы. Биылғы жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі ұлт көшбасшысының әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер және дәйекті жаңғыртудың жақтаушысы екенін тағы да дәлелдеді», - деді.

Мерекелік шара барысында Зеренді ауданының әкімі Садовое кентінің тұрғыны, күрестен әлем чемпионы Мұратхан Берікболды, аудандық әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Хайдар Арманды, Куйбышев орман шаруашылығының инженері  Ұлжан Сүлейменовты Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктісі Кристина Скоморокская, әнші, айтыскер Екпін Сәбетхан, «Агробизнес» колледжінің оқытушысы Азамат Жаңабаев алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қосылған зеренділіктерге партия билеттері табыс етілді.

Форумның екінші бөлімінде жетістікке жеткен жастармен қызықты әңгіме болды. Олардың қатарында Көкшетау қалалық мәслихаттың депутаты, Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Искаков, Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Вячеслав Перешивкин,  №1 мектептің тарих пәні мұғалімі, «Дипломмен ауылға»  бағдарламасының қатысушысы Дархан Қасымов болды.     

Форумның екінші бөлімі аяқталғаннан кейін қатысушыларға шығармашылық топтардың концерттік бағдарламалары ұсынылды.

                                  

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1050 раз

Похожие материалы (по тегу)

© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"