Понедельник, 13 ноября 2017 16:49

Денсаулығында кінәраты бар балалар үшін шығармашылық шеберхана өткізілді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Мүгедектігі бар балалар мен ересектер арасында жұмыс істеу жүйесін қоғамға белсенді бейімдеу мақсатын ұйымдастыру» жобасының шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған шығармашылық семинар өткізді, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Семинардың басты мақсаты ата-анасының көмегі арқылы баланың жеке шығармашылық қасиеттерін дамыту, моториканы, моторлық қызметті дамыту.

10 қарашада Ақмола облысының Астрахань кентінде арнайы балалармен және 18 жастан асқан жандармен кездесу өтті. Балалар аналарымен бірге және өз бетімен, мұғалімдер мен оқытушылардың көмегі арқылы жаңа жылдық шыршаға әдемі әшекейлер жасады. Балалар түстерді қайталады, түрлі материалдармен танысып, дамытуға арналған жаттығулар жасады, топ болып та жұмыс істеді.

дд

Балалар шығармашылық жұмыстарымен айналысқанда, олардың ата-аналары әлеуметтік проблемалардың өзектілігі бойынша зерттеуге арналған арнайы сауалнаманы толтырды. Сондай-ақ, оларға кеңес беріліп, қауымдастықтың қайырымдылық қызметі туралы таныстырылды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 736 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"