Понедельник, 13 ноября 2017 16:34

Қоғамдық кеңестердің алғашқы республикалық мәжілісінің нәтижелері

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Орталық коммуникациялар қызметінде Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісіне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Оған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова; Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы Қоғамдық кеңестік мүшесі, «Аймақ» ҚҚ төрайымы Айгүл Соловьева; Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық қозғалысы мен «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов; Шығыс Қазақстан Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышев; ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина қатысты, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Спикерлер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісінің жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Республикалық Мәжілістің жұмысына 500-ден астам делегат қатысты. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, республикалық және өңірлік Қоғамдық кеңестердің төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б. мемлекеттердің халықаралық ұйымдарының өкілдері бар. Мәжіліс нәтижелері бойынша қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық пысықталды.

Қоғамдық кеңестердің қызметін, ҚР «Қоғамдық кеңестері туралы» заңын жетілдіру, қоғамдық бақылаудың түрлі формаларын өткізу, қоғамдық кеңестер қызметінің тиімді тәжірибесі жөніндегі мәселелер талқыланды, Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісінің қатысушыларымен пысықталған ұсынымдар айтылды.

Әлия Ғалымова Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісінің негізгі міндеті - қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша оң тәжірибе мен ұсыныстарды ортаға салу,  пікірлермен алмасу. Спикер Қоғамдық кеңестердің, бірінші кезекте, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін құрылғандығын атап өтті. Екі жыл жұмыстың ішінде қоғамдық кеңестер осы міндетті іске асырудағы тиімділігін дәлелдеді. Қоғамдық кеңестер тарапынан қоғамдық бақылаудың 4 тиімді тетігі енгізілді. Бұлар: мемлекеттік органдардың негізгі бағыттары бойынша қоғамдық мониторинг өткізу; мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін қоғамдық тыңдаулар мен талқылаулар; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптаудың тетіктері; мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар жұмысының нәтижелері туралы есептерді тыңдау. Айгүл  Соловьева өз сөзінде,  азаматтық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін атап өтті және Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы  контекстінде маңызды саяси трендтеріне баса назар аударды. Спикер Қоғамдық кеңестердің Мәжілісінде   қаралған мәселелер, сондай-ақ кеңес мүшелері мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түсетін ұсыныстар мен шаралар олардың шешім қабылдау деңгейіне әсер ету мүмкіндіктері, қоғамдық кеңес қызметін жетілдіру механизмі  туралы  ақпарат берді.

Жалпы, брифингке қатысушылар қоғамдық кеңестердің тығыз байланысы тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретінін, сонымен қоса Кеңестер қызметің тиімділігін арттыратынын атап өтті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 671 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"