Пятница, 13 октября 2017 17:31

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров БАҚ өкілдерімен баспасөз-конференция өткізді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров БАҚ өкілдерімен облыс соттарының 2017 жылғы 9 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Баспасөз-конференцияда Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Қанат Сабдин, БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судьялар Сәуле Қияшева мен Нұрлан Өміртайұлы, облыстық сот судьясы Роза Ертаева, ҚР «Судьялар одағы» облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин және Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов қатысты.

Баспасөз-конференцияда облыстық сот төрағасы Ақмола облысы соттарының жұмыс қорытындысы мен сот төрелігін іске асырудың сапасы туралы баяндады.

Облыстық сот төрағасы баспасөз-конференцияда сөз сөйлей отырып, соттарда қаралатын істердің саны жылдан жылға артып, тиісінше азаматтардың сотқа құқықтарын қорғау туралы талап қою арыздарымен жүгінуі өсіп келетінін атап өтті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Ақмола облысы соттарымен 2017 жылдың 9 айында 76 594 іс пен материал қаралған. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың 9 айымен салыстырғанда 21 216 іс пен материалға артқан.

«Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, құқық бұзушылықты қайталау және азаматтардың басқа да бұзушылықтарының алдын-алу мен ескерту мақсатында, Ақмола облысының соттарымен қаралған істер мен материалдар бойынша 787 жекеше қаулы шығарылды» - деді Д.Әміров.

Сонымен қатар, облыстық соттың төрағасы сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін азаматтарға қатысты 90 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 35 азаматқа ескерту жасалып, 1-не айыппұл, 25-не қамаққа алу жазасы тағайындалды, 22-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастырылып, 7-не қатысты материалдар өкілетті органдарға тапсырылды. «Осы себептермен сот отырыстарының белгіленген уақыттарында қаралу мерзімдері де бұзылған. Заң талаптарын бұзған азаматтарды жауаптылыққа тартуға біз міндеттіміз» – деді Д.Әміров.

Облыстық сот төрағасы сот шешімдерінің сапасына тоқтала отырып, барлық сот актілерінің 5,4 пайызы ғана тараптармен шағымдалып, жоғары сатыдағы сотта қаралғанын, ал сот шешімдерінің 94,6 пайызына бірде бір тараптан шағым түспегенін атап өтті. Жалпы бұзылғаны, өзгертілгендері – 0,8 пайыз. Заңды сот актілері 99,2 пайызын құрап отыр.

Алқабилердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралды.

Соттармен медиацияны қолданумен 1 524 іс, партисипативтік рәсім тәртібінде 17 азаматтық іс қаралған.

«Департамент 2014 жылдан бастап сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша электронды түрде 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін іске қосты және ол сәтті жұмыс істеуде» - деді төраға баяндамасында. «Сот кабинеті» сервисі арқылы  облыс соттарына 21 938 талап қою арызы және 11 941 әкімшілік материалдар түсті. Облыс соттарының барлық залдарында дыбыс-бейне жазба құрылғылары орнатылды. Барлығы қаралған істер бойынша 88,9 % дыбыс-бейнежазба жүйесі қолданылған.

Облыстық соттың төрағасы баспасөз-конференцияда журналистерге іс жүргізу мен сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолдануы жөнінде айтып өтті. «Мемлекеттік тілдің қолданысы төмен болғанына прокуратура, құқық қорғау органдары да жауапты» - деді төраға.

Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды іске асыру жұмыстарының барысын, сот жүйесімен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы, сот ісін жүргізудегі өзгерістер, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында қылмыстық процесті реформалау туралы айтып өтті. Досжан Әміров қылмыстық-процестік заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді. Атап айтқанда, қылмыстық процестің ізгілендіруді жетілдіру, қылмыстық істер бойынша адвокаттардың рөлін нығайту, тергеу судьяларының өкілдікітерін кеңейту, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің тәртібі, бұйрықтық іс жүргізу және басқа да сұрақтарды қозғады.

Журналистермен кездесуде облыстық сот төрағасы алдағы уақытқа судьялар корпусы алдына бірқатар тапсырмалар қойылғанын айтты. Олар - сот төрелігін іске асырудың сапасын арттыру, медиаторлармен жұмысты белсендету, сот ісін жүргізу тілін сақтай отырып, мемлекеттік тілде қаралатын істердің санын арттыру, БАҚ-пен өзара әріптестікті нығайту.

Баспасөз конференцияда сот төрағасы мен алқа төрағалары журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 823 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"