Понедельник, 11 сентября 2017 10:33

БАҚ өкілдерінің Егіндікөл ауданына баспасөз туры

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

7 қыркүйек күні Ақмола облысының БАҚ өкілдері Егіндікөл ауданына баспасөз турына барды. Журналистер осы аудандағы үш нысанда болды, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Егіндікөл ауданында басқа да өңірлердегідей егін науқаны қызу жүріп жатыр. Бұған ақмолалық журналистер куәгер болып келді.

Ең алдымен, баспасөз турына барған журналистер аудан әкімі    Нариман Төлеповпен кездесті. Әкім өңірдегі егін жинау науқанының қарқыны қалай жүріп жатқандығымен таныстырды.

Бірінші болып аудан орталығындағы Олег Уразалиновтың «Саят» шарушылық қожалығында болып, бидай өңдеу орындарын аралады.

Келесі, Спиридоновка ауылдық округіндегі Нұржан Бисимбаевтың «Армавирский» ЖШС барды. Шарушылық егінмен қатар ірі қара мал шаруашылығымен де айналысады. Мұнда шамамен 110 адам қызмет етсе, оның 60-ы тұрақты жұмыскерлер. Олардың жалақылары жоғары, әрі уақытылы төленіп тұрады. Аянбай еңбек етіп жатқан қызметкерлер егіннің 90% жинап тастағандарын айтты. Н.Бисимбаев өз сөзінде былай деді: «Барлық жерде жұмыс бірдей. Қай жерде жұмыс болса, сонда жұмыс жасау керек».

БАҚ өкілдері үшінші барған шаруашылық - Ұзынкөл ауылындағы Бахтияр Искаковтың «Ушаков Агро» ЖШС. Мұнда да ірі қара мал өсіреді. Жалпы саны 55 адам жұмыс жасайды. 1999 жылдан бастау алған шаруа қожалығының жұмыскерлері басшыларына ризашылығын білдіріп, қиын жағдайда болған ауылдың жағдайын бүгінгідей дәрежеге жеткізгендігін мақтанышпен айтты.

Жалпы, журналисттер Егіндікөл жерінің шынымен де астыққа бай өлке екендігіне көз жеткізді. Ауданның атауы да осы байлығына байланысты болса керек. 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 416 раз