Пятница, 08 сентября 2017 15:11

Жаңартылған білім мазмұны оқулықтарының сапасы. 2017 жылы жаңартылған білім мазмұны бойынша 2, 5 және 7 сыныптарға арналған оқулықтар енгізілді.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Орталық коммуникациялар қызметінде оқыту процесіне енгізілген жаңартылған мазмұндағы оқулықтар сапасына арналған  баспасөз конференциясы өтті,  осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Баспасөз конференциясына «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова, «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев, «Орыс тілі» пәні оқулықтарының авторлары Зинаида Сабитова  және Оксана Опря, сонымен қатар орыс тілі оқулығының сарапшысы Тамара Хоменко қатысты.

 «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімованың айтуынша заманауи әлем полимәдениетті болғандықтан, онда ақпарат пен технология үнемі жаңарып, білім тез ескіреді. Осындай жағдайда білім беру жүйесі дайын және стандартты ережелерді жаттатуға емес, оқушылардың функционалдылығын дамытатын, олардың өзіндік іздену, талдау, интерпретациялау және тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыратын, практикаға бағытталған, құзырлылық педагогикаға көшеді.  Осыған байланысты оқулықтың қызметі де өзгереді. Ол оқу ақпараты көзінен білім алушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырушы навигаторға айналады. Оқу барысында оқулықтың  жалықтырмайтындығын, оның қызықсыз емес екеніне көз жеткізген оқушылар үшін оның тартымдылығы да арта түседі.

«Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев жаңартылған білім мазмұнындағы оқулықтарды әзірлеудің ерекшеліктері туралы айтты.

Орыс тілі оқулықтарының авторлары Зинаида Сабитова мен Оксана Опряның сөздері бойынша орыс тілін оқытудың жаңа тұжырымдамасында басымдық лексикалық-грамматикалық материалдарға емес, тілдік тақырыптар контексінде грамматикалық материалдарды оқытуға, қазақстандық қоғам өмірінің әр түрлі сфералары бойынша мәтіндер материалдары негізінде тілдік іс-әрекеттің барлық түрлерін (тыңдау, сөйлеу,  жазу, оқу) дамытуға беріледі. Сонымен қатар олар БАҚ және әлеуметтік желілерде 5 және 7 сыныптарға арналған орыс тілі оқулықтарының мазмұны бойынша берілген ескертпелерге толықтай түсініктемелер берді.

Орыс тілі оқулығының сарапшысы Тамара Хоменко сарапшылардың осы оқулықтарды білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат беру шешімдерінің себеп-негіздері туралы жан-жақты түсініктеме берді.

2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңартылған білім мазмұны кезең-кезеңмен енгізілуде. Ағымдағы жылы 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бағдарламалары бойынша оқуға көшті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1689 раз