Вторник, 22 августа 2017 13:03

Өңдеу өнеркәсібі экономика өсімінің негізгі драйверіне айналды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңдеу секторының кәсіпорындарында өндірістің нақты өсімі 6,3% құрады. Бұл туралы мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысына арналған Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев мәлімдеді, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА ҚР ИДМ Баспасөз қызметі деп хабарлайды

«2017 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 11,8 мың АҚШ долларын құрап, 5,3%-ға артты.

2017 жылдың қаңтар – мамырында өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,8%-ға артып, 6,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасының қолайлылығына, өнімді өткізу нарығының кеңеюі мен жеткізу өсіміне байланысты іске асырылып отыр»,-деп атап өтті Алик Айдарбаев.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 411,1 млрд. теңгені құрады. Яғни, 2016 жылдың қаңтар – маусым айларымен салыстырғанда 27,5 млрд. теңгеге өсіп, 2,7%-ға артқан.

«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы іске асырыла бастағаннан бері (2015-2016 жж.) 7 трлн. теңгенің 258 жобасы іске қосылып, 21 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, 2017 жылдың 7 айында құны 489,8 млрд. теңгеден асатын 32 жоба іске қосылды. Мұнда шамамен 3,9 мың жұмыс орны ашылды»,-деді Бірінші вице-министр.

2017 жылдың 2-ші жартыжылдығында құны шамамен 1 трлн. теңгеден асатын 100 жобаны іске қосу жоспарланған. Жобалар іске асқанда 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 680 раз