Среда, 12 апреля 2017 10:46

Жарайсыңдар, Аршалы дарындары!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Алдымен орталық алаңда бастау алған, одан әрі аудандық Мәдениет үйінде өткен «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауы гала-концерті «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ!» ұранымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізілді.

Аталған байқаудың мақсаты: тәуелсіздігімізден, мемлекеттік тұтастығымыздан, тұрақтылығымыздан  бастау алған Қазақстан халқының, қоғамының  ынтымақтастығын арттыру, көпұлтты еліміздің тарихына деген құрмет қалыптастыру, ұлттық-дәстүрлерді насихаттау, халық шығармашылығының барлық жанр шеберлерінің орындаушылығын шыңдау, табиғи дарынға ие орындаушыларды анықтау әрі көрсету, рухани құндылықтарды сақтау және дамыту.

Аудандық халық шығармашылығы байқауы ерекше алуандылығымен, эмоционалдылығымен көрермендердің көңілінен шықты. Халық тарихын насихаттау мен патриоттық тәрбие беру бағытында осындай іс-шаралардың маңызы зор.

                Байқауға 13 ауылдық округ, 184 шығармашылық ұжым, 2020 шығармашылық көркемөнерпаздық ұжым мүшелері, 263 солист және 7868 көрермен қатысты. Әрбір округ өз бағдарламасын дайындап, сахна безендіріп, жаңашылдығымен ерекшеленді. Әсіресе, Бірсуат, Константинов, Волгодон ауылдық округтердің шығармашылық ұжымдары, сонымен қатар, Түрген, Арнасай және №3 Аршалы орта мектебі көзге түсті.

jjjj 500x333

jjj 500x333

Байқауға  жаңа шығармашылық ұжымдар, жаңа солистер қатысты. Облыстың көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауының гала-концертінде ауданның ең үздік ұжымдары өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Задоринка», В.Н.Зеленый атындағы халық ансамбльдері,  «Мираж» халықтық би ансамблі,  Тасболатовтар әулетінің «Алмагүл» халықтық отбасылық ансамблі, қазақ және орыс халық аспаптары оркестрлері, би ұжымдары. Өнерпаздардың көбісі облыстық байқау лауреаттары, халықаралық және облыстық фестивальдердің, конкурстардың, концерттердің қатысушылары.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1140 раз