Домой Новости области Зеренді ауданында мал шаруашылығы өркендеп келеді

Зеренді ауданында мал шаруашылығы өркендеп келеді

513
0

Оған мемлекеттік бағдарламалар барынша оң ықпал етіп отыр. Бүгінгі таңда ішкі сұранысты өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік молайған.

Облыста сонау Тәуелсіздік алғаннан бері ата кәсіпті дамытып, ет өнімін еселеуге ерекше ден қойылып келеді. Бұған дейін мал басын көбейтуді көздеген келелі бағдарламалар қаржыландырылды. Төрт түлік саны жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе, Зеңгі баба тұқымын молайтуға мейлінше мән беріліп отыр.

Қазір кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында қаржылық құралдардың сан алуан түрі ұсынылған. Гранттық, жеңілдікті қаржыландыру, субсидиялар, несиеге кепілдік беру тәрізді тиімді тетіктер бар.

Ендігі бір басты мақсат — экспорттық әлеуетті арттыру. Ол үшін асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сапалы өнім дайындау сынды салмақты міндетті назарға алынды. Сонда ғана көздегенге қол жеткізіліп, ауданның ғана емес, аймақтың экономикасы да қарқынмен алға баспақ.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму