Домой Общество Өз мемлекетіне керегі жоқ ауру сәбилер көмекті қайдан іздейді?

Өз мемлекетіне керегі жоқ ауру сәбилер көмекті қайдан іздейді?

1306
0

Елімізде шенеуніктер мемлекет қаржысын жымқырып жатқан кезде, науқас балалардың ата-аналары қарапайым халықтан қайыр тілеп жүріп, көмек сұрауға мәжбүр.⠀

Осыдан бірнеше ай бұрын біз Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы Керімбаевтар отбасының қайғысы туралы айтқан болатынбыз.⠀

Олардың қызы Эмилияға қауіпті генетикалық ауру – омыртқаның бұлшықет атрофиясы деген диагноз қойылды. Сәбидің бұлшық еттері дамымай, ол басқа балалар сияқты қозғалып, ойнай алмайды. Уақытында емдемесе, дерттің салдары ең ауыр – ауру асқынып, тұншығуға дейін жеткізуі мүмкін.⠀

Баланың өмірін сақтап қалу үшін әлемдегі ең қымбат дәрі золгенсма керек, укол 1 млрд теңге тұрады. Сәби инъекцияны неғұрлым тезірек алса, оның сауығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл дәрі Қазақстанда тіркелмеген, оған квота да жоқ. ⠀

Қарапайым отбасы бұл соманы өз күшімен жинай алмағандықтан, халықтан көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. ⠀⠀
Сәбидің ата анасы Арман мен Дария да Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасынан, тіпті ел үкіметінен көмек сұрағанымен, бәрі бекер болып шықты, әзірше ешқандай көмек көрсетілмеді. Сәбидің денсаулығын қолдауға арналған спинраза деп аталатын дәріні де мемлекет мүлдем бермеген. Сонда құзырлы орган, денсаулық сақтау министрлігі неге әрекет жасамай отыр?⠀

Эмилияның туыстары өз бетінше ақша жинап, журналистер, еріктілер, танымал тұлғалар мен қарапайым халықтан көмек сұрап жүр. Керімбаевтарды көпшілік қолдап, қаржылай көмек беріп жатқаны арине, қуантады, бірақ баланы емдеу үшін әлі де қомақты қаржы керек. Қайырымды жандардың көмегімен 535 миллион теңге жиналды, бұл жалпы соманың 56 пайызын құрайды, дәріні сатып алу үшін енді 411 миллион теңге қажет.⠀

Балалары қауіпті дертке ұшыраған бейшара ата аналар елден көмек сұрап, мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргенде еліміздің кейбір шенеуніктері мемлекеттік қаржыны жұмсап жатыр. Бір Ақмола облысының өзінде жыл басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 59 қылмыстық іс тіркесе, оның 42-сі ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Бұл тек ақмола өңірің ғана мәселесі емес, бүкіл елдің бүгінгі таңдағы айнасы.⠀

Қазақстанның бейкүнә кішкентай азаматтары мемлекеттің қамқорлығына мұқтаж. ⠀
Елдегі демография тапшылығын ескеретін болсақ, мемлекет еліміздегі әрбәр сәбидің өмірін бағалап, ауру балаларды емдеудің барлық шығынын өз мойнына алуға міндетті. ⠀

Бірақ, шындығында, шенеуніктер ресми хат жазып құтылып, мыңдаған ата ананың көз жасы мен қайғысына немқұрайлы қарағаннан басқа әрекет жасамай отырғанын көріп отырмыз. ⠀

Құрметті қазақстандықтар, осы видеоны көріп отырған баршаңызға золгенсма инъекциясына қаражат жинауға көмектесуді сұраймыз! ⠀

Қаржылай көмектесуге мүмкіндігіңіз болмаса, ақпаратпен қолдаңыз, осы видеоны туыстарыңыз, достарыңыз бен таныстарыңызға жіберіңіз! Кез келген сома маңызды! ⠀

Мемлекетіміз өзінің өскелең ұрпағы, кішкентай Қазақстандықтардың денсаулығын өз мойнына алады деген үміттеміз!⠀

Ауруға шалдыққан сәбилердің ата аналары балаларының өмірін мемлекетке сеніп, тапсыратын күн келеді деген сенімдеміз!⠀

Көмек көрсетуге реквизиттер :⠀

🏦 Каспи Голд⠀
💳 4400 4301 3182 9407⠀
📱+77087503680 Дарья Керимбаева⠀
ИИН: 930302450325⠀

🏦HALYK Bank ⠀
💳5578 3427 2033 8844⠀
DARYA KERIMBAYEVA⠀

🏦Сбербанк⠀
💳4263 4333 3708 2207⠀
ARMAN KERIMBAYEV⠀

Kaspi бонусы и пополнение баланса⠀
87770288016⠀

🌍 PayPal⠀
www.paypal.me/HelpEmiliaSMA⠀

🌍GOFUNDME⠀
www.gofundme.com/f/helpSMAEmilia⠀


Алма Байгужина ⠀
Илья Шәкіров⠀
К Азия

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму