Степногорск қаласына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев осыған дейін қалаға жетекшілік еткен Еркебұлан Баяхметовке алғыс білдіріп, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты қамтамасыз ету жолында бірқатар міндеттер жүктеді.
Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы 1983 жылы Ақмола облысында туған. Бiлiмi жоғары. 2000 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялары академиясын «Инженер» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын бизнес құрылымдарда бастаса, 2009 жылдан бастап 10 бедерінде Шортанды қаласы әкімінің орынбасарынан аудан әкімінің орынбасарына дейінгі қызмет атқарды. 2019 жылдың сәуiрiнен бастап күні бүгінге дейін Ақкөл ауданының әкiмi лауазымында болды.
Сонымен қатар өңір басшысы Ермек Мыржықпаев бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Осы кезеңге дейін Степногорскіде қараусыз қалған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, шаһарда 30 жыл ішінде алғаш рет 45 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді. Жоба құны 375 млн теңге. Сондай-ақ, 7 шығын ауданында саябақ, Workout тренажерлары салынып, спорт алаңы ашылған.Жоба толығымен аяқталған.
Аймақ басшысы жаңа әкім Қайыржанов Алпысбай мен аудан активінің алдына бірқатар міндеттер жүктеді. Биыл өңірдің атқаруы тиіс басым бағыттарды айқындап берді. Әсіресе ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіпкерлік салаларына басымдық берілуі тиіс екені айтылды. Ауданға инвестиция тарту мәселесі де өзекті.