Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алып, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті. «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы «еститін» болды. Аудан, қала әкімдері бұрын халық алдында жылына бір рет есеп беретін болса, қазір тоқсан сайын есеп беріп, облыс әкімдері жарты жыл сайын халық алдына шығып, әрбір халықтың айтқан сөз-пікірінің орындалуы қандай деңгейде екенін негізгі бағытқа алды.
Жалпы, соңғы бір жыл көлемінде елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқаны айқын.
Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-2027 жылдарға арналған Жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама 6 бөлім және 7 тараудан тұрады. Онда қазіргі жастар арасындағы өзекті мәселелер, оларға әлеуметтік желілердің әсері, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы талдаулар мен ұсыныстар қамтылған.
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты – жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім беру, кәсіптік және дене шыныұтыру дамуығ шешімдер қабылдау процесіне қатысуға табысты әлеуметтену және оның әлеуетін елі одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау.
Кейінгі жылдары жастарға арналған «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға» жобалары дамып келеді. Жастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы іске қосылды.
Еліміздің барлық аймақтарында Жастар ресурстық орталықтары ашылып, онда Jastarǵa keńes, Jastarǵa bilim, Jastarǵa qyzmet, Jastarǵa jumys секілді арнайы төрт жобаны жүзеге асырылып жатыр.
Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – NEET санатындағы жастар. Жыл сайын бұл санаттағы адам санын азайту мақсатында мемлекет түрлі бастамаларды қолға алды. Өкінішке орай, Қосшы қаласында бойынша да NEET жастары тіркелген, олардың үлесін төмендету бойынша біздің ресурстық орталық та қарқынды жұмыс жүргізуде.
Экологиялық мәдениет тақырыбы кейінгі жылдары қызу талқыланып, соған байланысты Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Жасыл ел» жобасын іске асуда. Биыл қаламызда алғашқы рет бұл жоба жүзеге асып, 66 жас еңбек жасақтарында жұмыс атқырды. Келесі жылға бұл жобаға жастарды көптеп тарту жоспарланып отыр.
Біз жастар Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет. Президентіміздің жүргізіп жатқан саясаты — жүрегі елім деп соққан әр азаматқа зор сенім арта отырып, татулық пен тұрақтылықты негізге алып, айнымас қағидамызға айналған асыл қасиеттерімізден айнымай ортақ шаңырағымыз — Қазақстанды өркендетуге үлес қосуға шақырып және тиісті қолдау табатынына сенемін.
Елде қандай өзгерістер болмасын, бір мемлекетте өмір сүріп жатқаннан кейін бірлік туын бірге көтеріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға тиіспіз. Билік институттары мен халық етене жақын «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруды жүзеге асыруға бірге атсалысуымыз керек. Бұл біздің азаматтық борышымыз!
Жастар саясатын жаңғырту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформаның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бастама көпшілік қолдауына ие болып отыр. Өйткені болашаққа алаңдайтын әрбір саналы адам жастар саясатына бейжай қарамауы керек.
Ақылбек Данабекұлы,
Қосшы қаласы әкімдігінің
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ басшысы