ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

Президент ұсынған саяси реформалар — мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі болып табылады.

Бұл саяси реформалар мемлекеттік құрылысты нығайтудың жаңа тарихи кезеңі әрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымының айқын көрінісі екенін көрсетіп отыр.

Істелініп жатқан қай бағдарлама болсын  президент өкілеттілігін шектеу, сайлау жүйесін өзгерту, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету секілді іс-шаралар көзделген. Барлық реформалар қоғамдық келісім негізінде және бүкіл халықтың мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс.

Негізінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары ел игілігіне арналған.

Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашқанын және экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізін қалағанын атап өтті.

Мұндағы мақсат атқарушы билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.

 «Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша, ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр», — деген болатын.

Ал енді, бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер осыған сүйеніп жұмыс істейтін болады.

Реформалардың нәтижесінде елімізде көп нәрселер өзгеретін болды.  Атап айтсақ, алғаш рет Премьер-Министр­дің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынды. Мұны саяси жаңғырудың тағы бір маңызды қадамы деуге болады.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» концепциясы нақты жұмыс істей бастады. Осылайша, саяси реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашып отыр. Сонымен бірге экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізі қаланды.

Бүгінде Қазақстан – осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет.

Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана табысты жүзеге асыра алады.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда бізге, ең алдымен, мызғымас бірлік қажет. Сондықтан азаматтарымыз Парламенттің жаңа құрамына ерекше үміт артып отыр. Сол себептен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болу үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатылу керек.

Қазір – ерекше тарихи кезең. Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр. Мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алғаны дұрыс. Мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақытылы орындалуға тиіс. Осынау халық игілігіне арналған Реформалардың нәтижесін әрбір  қазақстандық азамат нақты сезінуі керек деген ойдамыз.

Мемлекет басшысы алдымызға елімізді қарқынды түрде дамыту, экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту жөнінде аса ауқымды міндеттер қойды.

Баршамыз ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастап берген реформаларын табанды іске асыруға жауаптымыз әрі сол сенім ақталуға тиіс.

 

 

«Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» ҚБ

Ақмола облысы филиалының

 басшысы Алтынгүл Мәденқызы

Яндекс.Метрика