Домой Новости области Облыс орталығында орналасқан сондай медицина орталығының бірі

Облыс орталығында орналасқан сондай медицина орталығының бірі

162
0

Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз бойынша медицина саласына ерекше екін беріліп келеді. Оған дәлел Ақмола облысында да жаңадан түрлі емдеу мекемелері салынып, халық игілігіне жаратылуда. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің жемісі. Мемлекет осы саладағы кез келген мекемеге зор қолдау көрсетіп отыр.

Көкшетау қаласындағы бұл медициналық орталық осыдан тоғыз жыл бұрын мемлекеттің қолдауының арқасында ашылған. Денсаулық сақтау мекемесін ашу бастамасы өңірдегі медицина ұйымдарындағы ұзын-сонар кезектің, тапшы мамандардың жетіспеушілігінен туындаған.

Медицина орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зертхана, ультрадыбыстық диагностика сынды құрылғылармен жасақталған.

Медицина орталығының дәрігерлері аса тапшы мамандықтарға байланысты әрдайым тағылымдамадан өтіп тұрады. Нефролог, аллерголог, гастроэнтеролог, трихолог мамандар медицинадағы заманауи тәсілдерді меңгеруге қатысты ұйымдастырылатын оқыту курстарына қатысып отырады. Медицина мекемесі алдағы уақытта облыстың өзге де аймақтарында филиалдарын ашуды жоспарлап отыр.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму