Домой Новости области Облыс орталығында ғалымдар бас қосты

Облыс орталығында ғалымдар бас қосты

284
0

Халықаралық дәрежедегі ғылыми – тәжірибелік конференцияға Ресей, Украина елдерінің ғалымдары да онлайн қосылып, өз пікірлерін білдірді. Тақырып өзекті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бабалар рухына тағзым». Мақсат — «Абылай ханның қара жолы» экспедициясын түйіндеу. Келелі жиын барысында тағылымды жобаны жүзеге асыруға қаржылай демеушілік көрсеткен жергілікті кәсіпкерлер мен өзге де қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция тарихи танымды экспедиция туралы сыр шертетін бейнероликпен басталды. Бас — аяғы 17 адамнан құрылған топ 8 мың шақырымға жуық жолды артта қалдырды. Жол — жөнекей біраз елдімекендерде болып, ауылдарға соғып, аңыз — әңгімелер жинады. Осылайша, тарихымыздың көмбесі қайта ақтарылды. Ғасырлар қойнауында қалған ақтаңдақтар жаңартылды. Жиған – терген мағлұматтың барлығы бір монографияға бірігіп, нәтижесінде, «Абылай ханның қара жолы» жинағы жарық көрді.

Экспедиция мүшелеренің айтуынша, бұл үлкен істің бастамасы болды. Олар арнайы тас жолдарымен емес, Абылай ханның өзі жүрген дала жолдарымен жүруге тырысқан. Ақмола облысынан бастап дархан даламен сапар шеккен саяхатшылар тарихи орындарды белгілеп, қағаз бетіне түсірген естеліктерімен бөлісті.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму