Домой Новости области Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды қабылдады

335
0

Кездесу барысында өңір жетекшісі тұрғындар көтерген бірнеше өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, жауапты мамандарға міндеттер жүктеді. Облыс әкімінің қабылдауына келгендер тұрғын-үй, кәсіпкерлік, ғылыми жаңалықтар сынды түрлі бағыттағы сұрақтарды ортаға салды.

Облыс әкімінің қабылдауына келген азаматтардың бірі Бурабай ауданының тұрғыны Дулат Қуанышев. Елуді еңсерген жігіт ағасы, екінші топтағы мүгедек. Бірнеше жыл бұрын баспаналы болыпты. Алайда, жылдар бойы кезекте тұрып, қол жеткізген пәтерім өте суық, қыстың күні киіммен ұйықтаймын,-дейді. Балконға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оның құны 300 мың теңге. 52 мың жәрдемақы коммуналдық төлем мен азық-түліктен артылмайды деген Дулат Қуанышев әкімдік тарапынан көмек болса деген тілегін жеткізді. Тұрғынның базынасын тыңдаған Ермек Маржықпаев аудан әкіміне жыл соңына дейін мәселені шешуді жүктеді. Көкшетау қаласының тұрғыны Күнсұлу Манапова да баспана мәселесімен келген.

Неге олай екенін қала әкімі де айта алмады. Сондықтан, Ермек Боранбайұлы Бауыржан Ғайсаға Күнсұлу Манапованы жеке қабылдап, мәселесін шешуді міндеттеді. «Шерол 2017» ЖШС директоры Жеңіс Сегізбаев болса, кәсібін әрі қарай дамыту үшін жанар-жағар май жеткізуге облыс басшылығының жәрдемдесуін сұрап келген. Аталмыш серіктестіктің қала бойынша 4 жанар-жағар май құю бекеті бар. Бұрын одан да көп болатын, азайтуға тура келді,-дейді серіктестік директоры.

Облыс әкімінің қабылдауына келушілердің сұрақтары жақын арада шешімін табу үшін Ермек Маржықпаев жауапты мамандарға тапсырма беріп, мәселелердің оң шешімін табуын міндеттеді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму